Әр жүргізуші руль тізгінінде өзін бастан аяққа дейін сенімді сезінуі керек. Алдыңғы қатарлы жүйелер мен жүргізу көмекшілері сізге қауіпсіздік мәселелерін уайымдамай, межелі орынға жетуіңізге көмектеседі.
Қайнап жатқан қала көшелерінде қауіпсіз көлік айдау – оңай. GV80 жолда сіздің қауіпсіздігіңіздің қамын жасайтын технологиялармен жасақталады.
Бұл жүйе жол қиылысынан өтіп бара жатқанда, сол не оң жақтағы көлік құралдарымен соқтығысу қаупі туындағанда іске қосылады. Алдымен ол жүргізушіге ескертеді. Егер осыдан кейін қауіп деңгейі төмендемесе, апаттың алдын алу үшін тежегіш механизмдер автоматты түрде іске қосылады.
Жол таңбасын және алдыдағы көлік құралдарын таниды және автокөлікті бара жатқан қозғалыс жолағының ортасында ұстап тұруға көмектеседі.
Автомагистральмен қауіпсіз қозғалыс тіпті жоғары жылдамдықтарда немесе қарқынды трафик жағдайларында ешқашан осындай оңай болмаған. Бұл – интеллектуалды көмекшілердің арқасы.
GV80 дәл сіз сияқты жүргізу үшін және алдыда келе жатқан көлік құралына дейін қауіпсіз қашықтықты сақтау үшін сіздің әдеттеріңізді және жүргізу мәнеріңізді жадта сақтайды. Бұл жүйе тіпті бұрылыстарда да жүріп бара жатқан жолақта автокөлікті ортасына қарай ұстауға көмектеседі.
Навигация деректерін пайдалана отырып, GV80 автомагистральдарда бұрылыстарды, жылдамдықты шектеу аймақтарын және шығу жолдарын қадағалайды және қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін қажетіне қарай жылдамдықты автоматты түрде арттырады не азайтады.
Тұраққа қою кезінде қауіпсіздік ең маңызды мәселе, сол себепті сіздің тұрақ орнын табуда немесе орнына оқыс оқиғаларға тап болмай шығуға зейін қоюыңыз маңызды.
Жүргізу және тұраққа қою кезінде айналаны бақылауға мүмкіндік береді. Айнала шолу камераларынан кескінді My Genesis қолданбасы арқылы смартфон экранына шығаруға болады.
Рульді, тежегіш жүйені және трансмиссияны басқара отырып, автокөлікті автоматты түрде тұраққа қояды. Бұған қоса смарт-кілттің көмегімен қашықтан тұраққа қою функциясымен істейді.
Тұрақ орнынан артқы жүріспен шыққанда соқтығысудан қорғайды. Автокөлік соқтығысу қаупі туралы ескертеді және қажет болғанда тежегіш механизмдерді автоматты іске қосады.
Қоршаған ортаның қауіпсіздігі жүргізушіні, жолаушыларды және жол қозғалысының басқа да қатысушыларын қорғайтын жүйелер есебінен артады.
Басқа көлік құралдары жүргізушілерінің көздеріне шағылыспауы үшін, өз жолыңызды жарық етіңіз. GV80 жақындап келе жатқан көлік құралдарын таниды және қарығу әсерін азайту үшін, төрт жарықдиод блогы бар Quad Lamps фараларын автоматты түрде күңгірттейді.
Бүкіл салонда орналасқан қауіпсіздік жастықтары соқтығыс болған жағдайда жүргізуші мен жолаушылардың тек автокөлік компоненттеріне ғана емес, сондай-ақ бір-біріне соқтығысу соққысының күшін барынша азайтады. Gv80-да ЖКО көзінде жүргізуші мен жолаушының бір-біріне соқтығысуының алдын алатын алдыңғы қатарында орталық қауіпсіздік жастығы бар.
Түйсікпен түсінікті, жайлылықты арттыру жүйелерінің арқасында GV80-мен болашаққа қарай бет алу оңай әрі ыңғайлы.
Дисплей қозғалыс кезінде ақпаратты қауіпсіз оқудың анағұрлым ыңғайлы тәсілін ұсынады.
Мультимедиалық жүйе функционалымен (AVN) аспаптар комбинациясын біріктіреді. Бөлектелген дисплейлермен салыстырғанда, экранның жалпы ауданы 30 %-ға үлкен. Ол жүргізушіге маңызды ақпаратты, навигация жүйесінің және жүргізу көмекшілерінің хабарландыруларын көрсетеді. Ал дауыстық пәрмендерді тану жүйесі климаттық қондырғыны, электрлік әйнеккөтергіштерді және басқа да функцияларды, экранға жанаспай-ақ басқаруға мүмкіндік береді.
Кескіні айнаға шығатын кең бұрышты артқы көрініс камерасы тіпті қараңғы түнде де, нашар ауа райында да немесе артқы әйнекті тасалап тұрған жолаушылар және/немесе жүк болғанда да, автокөлік артындағы аймақты кедергісіз шолумен қамтамасыз етеді.
Интерактивті сенсорлық контроллер бұл автокөлікті басқарудың интуитивті түсінікті тәсілі. Қолжазба енгізу функциясы есімін жазып контактіні табуға мүмкіндік береді, ишараларды тану жүйесі – түрлі мәзірге оңай өтеді.
Аудиожүйе автокөлік салонында қалаған акустикалық атмосфераны жасауға көмектеседі.
Сән-салтанат дегеніміз жақсы ғой, әсіресе автокөлік үшін арнайы әзірленген премиум Bang & Olufsen аудиожүйесімен. Алюминийден G-Matrix стилінде әзірленген фирмалық торлары бар динамиктерден бай әрі қанық дыбыс шығады. Пайдаланушы Comfortable, Bright, Active және Warm дыбыстық режимдерін таңдай алады. Бұған қоса, көлемді дыбысталу параметрлерін жекелей қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс арқылы баптауға болады.
GV80 салонға кіретін жол шуылын анықтайтын акселератор өлшегішімен және микрофондармен жасақталады. ANC-R технологиясы қарсы фазалы дыбыс толқындарын шығарып, осы шуылды жояды.
Климаттық қондырғы автокөлік салонында кез келген қызықты оқиғалар үшін мінсіз климаттық жағдайды жасауға мүмкіндік береді және ауа сапасын басқарады.
Салондағы ұсақ тозаң мөлшерін барынша азайтады. Арнайы датчиктер салондағы ауа сапасын басқарады және алынған деректерді ақпараттық ойын-сауық жүйесінің дисплейіне шығарады.
Жайлы климатты бірнеше жанасумен жасаңыз. Осы панель арқылы артқы жолаушыларға арналған климаттық қондырғы баптауларын басқаруға болады.
www.hyundai-shymkent.kz сайты cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалана отырып, Сіз cookie файлдарын пайдалануға Саясат шарттарына сәйкес Сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге келісім бересіз. Егер келіспесеңіз, браузердегі баптауларды өзгертіп, cookie файлдарын пайдаланудан бас тарта аласыз.